Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беру ұйымдарында 2019 жылы 25 қазанда
«Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»
атты бірыңғай сынып сағатын өткізу
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Отбасының шешуші рөлін тану негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу - «Рухани Жаңыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің міндеті болып табылады.
Отбасы әлеуметтендірудің маңызды институты және бала тұлғасының даму факторы болып табылады. Отбасының маңызды әлеуметтік қызметі - балаларды тәрбиелеу және дамыту, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру. Отбасының тәрбие әлеуеті балалардың белгілі бір сапаларын қалыптастыруға бағытталған ата-аналардың рухани-практикалық қызметі саласындағы мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар отбасылық шағын орталықты, жалпы отбасының өмір салтын қалайтындарды да қамтиды. Сондықтан оқушыларды отбасына деген құндылықты қарым-қатынасқа тәрбиелеу бүгінгі таңда олардың болашақ отбасыларының әл-ауқаты ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғам мәселелерінің шешілуіне де байланысты басым педагогикалық мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен бірге ата-аналардың өз балаларын қоғамдағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті республиканың белсенді азаматтары ретінде тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігі артып келеді.
Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.
Міндеттері: отбасы құндылықтарын қалыптастыру, улкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру, өз отбасының тарихын білу, сұранысты дамыту, балаларды моральдық тұрғыдан дамыту, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру және өзінің іс-әрекетіне анализ жасау, өзін-өзі тәрбиелеу, патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту.
Сынып сағатының ұсынылатын түрлері: тілдесу сағаттары, пікірталас, ойын сабағы, ауызша журнал, әңгімелесу,интерактивті формалар
Бұл тақырыптың өзектілігі заманауи өмірдегі отбасының рөлілінің төмендеуі. Отбасы құндылықтарының негізінің бұзылуы, ата-аналардың мәртебесінің төмендеуі, ұрпақтар арасындағы байланыстық алшақтауы. Отбасы – бар негіздердің негізі болып табылады. Адам қанша жерден профессионалды тұрғыдан сұранысқа ие болғанменен, егерде оның тату және арқа сүйер отбасы болмаса, ол өмірде өз таппаған.
Отбасы туралы құндылықтардың қалыптасуы оның бала кезінен басталады, ал жасөспірімдік шақта отбасының қандай болу керектігі туралы көзқарасы қалыптасады. Және бұл көқарастардың оң болуы маңызды.
Бұл күні мектеп оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдердің арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық жағымды бейнеролик орналастыру бойынша «Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты республикалық интернет-науқан өтеді.
Бейнероликті орналастыру күні: 25 қараша 2019 жыл. Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00.
Бейнероликтер үшін ұсынылатын тақырыптар:
- «Менің отбасым - супер отбасы!»,
-«Менің отбасым- ең керемет!»,
- «Мен отбасыммен мақтанамын»,
- «Менің отбасым-ең үздік»,
- «Менің отбасым отбасы тарихындағы»,
- «Менің отбасымдағы жеңістер»,
- «Менің отбасым: әжелер мен аталарым»,
- «Отбасы, бұл сенімен мәңгі»,
- «Отбасы ошағының жылуы»,
- «Отбасылық құндылықтар»,
- «Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер" және т. б.
Бұл күні оқушылар үшін жаңа формаларды пайдалана отырып, түрлі танымдық және тақырыптық тәрбиелік іс-шараларды ұсынамыз:
1-4 кластар үшін ұсынылатын шаралар: «Менің қымбатты және сүйіктілерім», «Бақытты адам өз үйінде бақытты» отбасылық фотосуреттер көрмесі, отбасылық құндылықтар, салт – дәстүрлер, мерекелер туралы фильмдер мен бейнематериалдар көрсету «Отбасы барлығы бірге», «Отбасы-барлығының басы».
5-8 кластар үшін: «Менің отбасымның тарихы», «Менің отбасымның фотосуреттердегі тарихы» табысты адамдармен кездесулер «Отбасымен, достарымен», «Отбасындағы бос уақытты өткізу дәстүрі» «Менің сүйікті туыстарым» фотокөрмесі, «Отбасы ошағының жылуы», «Отбасы - кішкентай ел», «Кітап – із қалдырды» отбасылық құндылықтар туралы білімдерін тереңдетуге арналған диспуттар.
9-11 кластар үшін: «Менің шежірем», «Кітап сөресіндегі отбасы» , «Отбасының рухани құндылықтары», «Генеалогиялық ағаш», «Отбасылық альбомға көз салыңыз», «Менің отбасымның естелік күндері» атты өз отбасылары туралы әңгіме-презентациялар.
Өз отбасының тарихын зерттеу: отбасылық жәдігерлер, отбасы мүшелерінің мамандықтары, ата-аналар, әжелер, аталар. Бұл бағыт оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу бойынша басты бағыт болып табылады.
Отбасы тарихын зерттеу ересек отбасы мүшелері мен балалардың рухани жақындасуына ықпал етіп қана қоймай, Отанын, салт-дәстүрін, тарихын танудағы алғашқы қадам болып табылады.
Күтілетін нәтижелер:
Нәтижесінде балалар:
- отбасы әлемі;
- туған үй, жайлылық, жылылық;
- өзара түсіністік, махаббат, құрмет;
- отбасылық мерекелер, дәстүрлер;
- өз халқының тіліне құрметпен қарау;
- Отан алдындағы борышын сезіну, өз елінің әлеуметтік және мәдени жетістіктері үшін мақтаныш ұғымдарын меңгеруі керек
Маңызды ережелерді есте сақтау:
- өзіннің Тәуелсіз Отаныңмен, мемлекеттің рәміздерінмен, өз халқыңмен мақтан;
- үлкендерді құрметте және оларды сүй;
- отбасындағы кішілерге қамқорлық жаса;
- өз өміріңмен отбасыңның көптеген буындарына міндетті екеніңді есіңде сақта;
- өз туыстарыңды құрметте;
- сен отбасыңда жанұялық дәстүрдің көмекшісі және жалғастырушысы екеніңді есіңде сақта;
- өз жұмысыңды Отанымыздың күші мен гүлденуін нығайтуға ұмтыл;
Осы тақырыпты жариялау кезінде белгілі ұлттық әдеби дереккөздерге кеңінен қолдануға болады.
Іс-шаралар БАҚ-та жариялануы тиіс, іс-шараларды өткізу туралы материалдар білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының сайттарында орналастырылады.