"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Полтавское отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области".

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс туы!» атты аудандық бейнероликтер конкурсын өткізу ережесі

23.04.2020

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған

 «Желбіре, Жеңіс  туы!»  атты аудандық  бейнероликтер конкурсын өткізу

ережесі

 

I. Жалпы ережесі

 

  1. Осы ереже жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары  арасында  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс туы!» атты аудандық бейнероликтер конкурсын  өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.
  2. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы  Жеңісінің тарихын есте сақтау, өскелең ұрпақ пен жастарға патриоттық тәрбие беру және тарихи сауаттылықты арттыру.
  3. і:

- Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткен және соғыс кезіндегі барлық қиындықтарды жеңген ардагерлерге, біздің ата-бабаларымызға мейіріммен  және құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- өз отбасының өткенін және ата-бабаларымыздың ел болашағы үшін ерлігінің маңызын зерттеуге қызығушылықты қалыптастыру;

- дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау;

- педагогтарды мектеп, аймақтық жобаларға қатысуға ынталандыру.

 

 

2. Конкурсты өткізу мерзімі мен тәртібі

 

  1. Мектептердің конкурс жұмыстары (бір бейнеролик) электрондық түрде 2020 жылғы 27 сәуірге дейін fati999@inbox.ru электрондық пошта арқылы қабылданады.
  2. Ұйымдастыру комитетіне 2020 жылғы 27 сәуірден кейін келіп түскен, сондай-ақ қойылатын талаптар бұзылған конкурстық жұмыстар қаралмайды.
  3. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды.
  4. Конкурсқа  қатысу үшін fati999@inbox.ru электрондық пошта арқылы қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді және конкурстық жұмысты жіберу қажет.
  5. Бейнетүсірілім Егіндікөл ауданының білім бөлімінің Facebook бетінде орналастырылады.

 

3. Конкурстың талаптары

 

1. Конкурсқа Егіндікөл ауданының жалпы білім беретін орта мектептерінің оқушылары  арасында 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.

2. Конкурсқа тақырыпқа сәйкес келетін кез келген қолжетімді құралдармен (бейнекамераға, фотоаппарат, ұялы телефон) түсірілген (жасалған) бейнетүсірілім  ұсынылады. Бейнетүсірілім көлденең түсірілуі тиіс, 720 р (HD Ready) және одан жоғары (мысалы, 1080р (немесе Full HD) рұқсаты болуы тиіс. Түсіру нүктесі («оператордың» орналасқан жері) статикалық болуы тиіс. Штатив немесе оны алмастырғышты пайдалану керек. Бейнетүсірілімді  жазу кезінде дыбыс жазу сапасы жақсы болуы үшін микрофонды пайдалану қажет. Бейнетүсірілімді жеткілікті жарық түскен кезде жүргізген жөн. Бейнетүсірілімді жазу кезінде сөз сөйлеудің жалпы стилін ойластыру қажет: кабинет, артқы фон, қатысушылардың бірыңғай формасы, эмоциялық көңіл-күй, дикция.

3.Конкурстық жұмыстың ұзақтығы - 3 минутқа.

4. Интернет желісінің материалдары мен бөтен материалдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

 

4. Конкурс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

 

1. Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

2. Конкурс жеңімпаздары Егіндікөл ауданы білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталады.

 

 

   Сұраныс хат

 

Қатысушының аты-жөні

Аудан, қала

Білім беру ұйымының  атауы

Жасы, сынып

Жетекшісінің толық аты-жөні

(ұялы телефон)

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 385


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст