"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Полтавское отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области".

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ: «Сүйіспеншілік –өмір негізі».

27.02.2020

Ашық сабақ; «Сүйіспеншілік –өмір негізі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген :Саркитбаева А.А.

 

 

Сабақ тақырыбы: «Сүйіспеншілік – өмір негізі».

Құндылық: Сүйіспеншілік

Сабақтың мақсаты:

- Оқушылардың  «сүйіспеншілік»  жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу, оқушылардың қоғамға пайдалы қызметтерінің нәтижесін талдау;

-  шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту;

-  өз істерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға көмек көрсете білуге тәрбиелеу;

Жабдықтаулар мен материалдар:

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның суреті, бейнероликтер, презентациялар, оқушылардың өзін-өзі тану декадасы күндерінде орындаған шығармашыдық жұмыстарыныңкөрмесі, шығармашылық жұмыстарға арналған дайындамасы;

  1. Жағымды күйге келу.

Оқушылар шеңбер бойынша тұрады.

«Сүйіспеншілік» сөзімен байланысатын сын есімді білдіретін сөз тіркестерін атаңыздар.

Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.

1 – топ: «Қайырымдылық»

2 – топ: «Сүйіспеншілік»

3 – топ: «Жақсылық»

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ел баласын мәпелеп саялаған
Әр баланы жан тәнімен аялаған
Біледі үлкен кіші бар еңбегін
Бала үшін күш  жігерін аямаған.
Жайсаң жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман саулық тілейміз, Сара анаға - деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгін «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызының туған күні. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1ші қыркүйегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.
«Өзін өзі тану» пәнінің балаларға, ата аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне деген қарым қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

  1. Дәйексөзбен жұмыс.

«Сүйіспеншілік танытуда, жақсылық жасауда батыл болыңдар! Қиындықтарға қарамастан, бейсаналы «қаламаймын» және «қолымнан келмейді» деген кертартпаларға қарамастан өз бойларыңдағы жасампаз Сүйіспеншілікті жарыққа шығаруға тырысыңдар». С.А.Назарбаева

 

Топтарға тапсырма. «Бес неліктен» – бұл белгілі бір мәселенің негізінде жатқан себеп-салдарлы байланыстарды анықтауға арналған тәсіл. Тәсілдің негізгі міндеті «Неліктен?» сұрағын қайта қою арқылы мәселенің пайда болуының алғашқы себебін іздеу болып табылады.

Мысалы:

  • Неліктен сүйіспеншілік танытуда батылдық қажет?
  • Көптеген адамдар сүйіспеншілік танытудан қорқады.
  • Неліктен адамдар сүйіспеншілік білдіруден қорқады?
  • Жауапсыз қалудан қорқады.
  • Неліктен адамдар жауапсыз қалудан қорқады?
  • Адамдардың сүйіспеншілігі  бір кездері жауапсыз қалып, қазір жүректері жабылып, сүйіспеншіліктері тұншығып қалған.
  • Неліктен сүйіспеншілік адамда тұншығып қалған?
  • Бойыңдағы сүйіспеншілік таныту, қуаныш сыйлау қабілетін ашу үшін үлкен күш керек. Жақсылық жасау үшін қиындықтарды жеңе білу қажет. 
  • Неліктен жақсылық жасау керек?
  • Адамдар бір-біріне сүйіспеншілікпен қатынас жасайды және ол көбейеді.

Қорытынды: Тіршіліктің негізгі тірегі – сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік – тіршіліктің  сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі-кесапатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Ізгілік жаршыларының қолында кез келген дұшпанды тізе бүктіретін қару және барлық қақпаны айқара аша білетін кілт бар. Ол – сүйіспеншілік.

 

  1. Мұғалім сыйы. Сара Назарбаева туралы бейнебаян.

Талқылау сұрақтары:

  •  Өздеріңіз Сара Алпысқызы туралы қандай мәліметтер білесіздер?
  •  Бұл кісіні «Алтын жүректі ана» деп атаудың сыры неде?
  •  Ана сүйіспеншілігінің киесі туралы қандай ой-пікір қосар едіңіздер?
  •  Ананың жүрек лүпілінен қандай ғажайыптар туындайды?
  •  Өздеріңіз ана болсаңыздар қандай сезімде болар едіңіздер?

 

  1. Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім: Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу ол – үлкен жүректі алыптардың ісі.  Сондай адамдардың бірі де, бірегейі де – Сара Алпысқызы. Осы орайда І.Есенберлиннің «Жақсы көру – жүректің ісі, адамды адам ететін және мәңгілік ететін – махаббат.  Ұлы ашылымдар болмаса да – бәрі бір адамзат өмір сүреді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса – ол тез арада жойылар еді.» деген сөзін айтуды жөн көрдім. Біздің Сара апамыз да – үлкен  жүректі, көкірегі нұрға толы адам.

Оқушылар «Алтын жүректі ана» тақырыбына постер құрастырады (топпен жұмыс жасайды, ұсынады, оны қорғайды).

 

  1. Топпен ән айту     

«Абзал ана»

Сөзі Жұбан Молдағалиевтікі

 Әні Александр Зацепиндікі

Солғанша гүлім көзде тұнып,
Ана деп ән салам.
Кетейін мейлі жүзге толып,
Бөбекпін мен саған.
                            Қайырмасы:
Мама, мама, мама,
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал асыл ана,
Көңілің кең дала.
Данасың сен маған,
Дарасың сен маған,
Мақтанатын, мархабатым, махаббатым!

Ардақтысың есіміңмен,

Ел ана деп адам.
Жер ана деп адам,
Тербеледі бесігіңде,
Ана жан аңсаған.
Арнадым ән саған.

Қарызбыз әжім, ақ шашыңа,
Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басы да.
                       Қайырмасы:
Мама, мама, мама,
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал асыл ана,
Көңілің кең дала.
Данасың сен маған,
Дарасың сен маған,
Мақтанатын, мархабатым, махаббатым!
 

 

  1. Сабақтың қорытынды сәті

Енді түзу  де еркін отырып, көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта айтылған ғибратты әңгімелер мен өнегелі ойлардағы ізгі қасиеттерді, адамзаттық асыл қасиеттер туралы алған білімдерімізді, сабақтан алған әсерлерімізді бір сәт көз алдымыздан өткізіп, жүрегімізге терең бойлатып, әр кез жадымызда сақтайық.

«Адам несімен күшті? Өзінің сүйіспеншілігімен! Біздің өміріміз сүйіспеншілікке негізделген: сүйіспеншіліктен туылып, сүйіспеншіліктен нәр алып, сүйіспеншілік үшін өмір сүреміз, махаббат Тәңір бізге берген нәрселерді сақтау үшін Сүйіспеншіліктің атымен құрыламыз, жақсылық жасаймыз, құрамыз да!» (С.А.Назарбаева) . 

Просмотров: 1863


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст