"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Полтавское отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области".

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыныптан тыс сабақ: «Денсаулық -зор байлық»

23.01.2020

Алакөл орта мектеп

 

 

 

 

  Сыныптан тыс сабақ:

«Денсаулық -зор байлық»

 

 

 

 

 

Өткізген: Саркитбаева А.А.

                   Нугманова Г.О.

 

 

              Денсаулық - зор байлық

 

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық зор байлық

 

 

 

 

Мұғалімнің аты-жөні: Саркитбаева А.А.

 

Күні: 21.01.2020.

 

Сынып: 4 «ә»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

 

Сабақтың негізделген оқу мақсаттары:

Білімділік: Жас ұрпақ адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсінеді.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттері артады, сөйлеу шеберліктері жетілдіріледі.

Тәрбиелік: бірін-бірі сыйлайды, ұжым болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

 

 

Сабақ нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: берілген тапсырмаларды орындайды. Сұрақтарға ауызша жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Өз бетінше жұмыс жасайды.Постер қорғайды. Өз ойын анық жеткізеді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: тақырып бойынша қосымша мәліметтерді пайдаланып өз ойын ортаға салады.

 

Бағалау критерийі

Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Өз ойларын анық жеткізеді. Топтық тапсырмаларды орындай алады.

 

Ресурстар

Топ атауы жазылған парақша, бағалау парақшасы, А3, маркер, скотч, әріптер, АКТ

 

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиет, музыка, салауаттану

 

Сабақтың жоспары

 

Жоспарланған уақыт:

Сабақ барысы

Ресурстар

Ұйымдастыру

8 минут

  1. Оқушылармен амандасу

Сәлеметсіңдер ме, балалар! (оқушылардың жауабы) Жақсы, орындарымызға отырамыз. Бүгінгі қазақ тілі пәнінен өтетін сыныптан тыс сабағымызға қатысатын үш топпен таныс болайық.

I топ. Шымыр

II топ. Сымбат

III топ. Денсаулық

Әр топ өздерін таныстырады(топтың аты, ұраны айтылады)

Бүгін үш топқа әділ бағасын беретін әділ қазы алқаларымен таныстырылады.

«Денсаулық зор байлық» атты интелектуалды сайыс 4 кезеңнен тұрады.

I КЕЗЕҢ. «Алтын ұяшық»

II КЕЗЕҢ. Мақал – сөз мәйегі

III КЕЗЕҢ. Постер қорғайық

IV КЕЗЕҢ. Кім жылдам

Қорытынды

Топ атауы жазылған қағаздар, бағалау парақшасы, интербелсенді тақта

Ортасы 27 минут

I КЕЗЕҢ. «Алтын ұяшық» (топ қатысушылары ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.)

1 ұяшық. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ

Жауабы: дене тәрбиесі

2-ұяшық. Ол судан қорқады, одан кір қорқады

Жауабы: сабын

3-ұяшық. «Таза» сөзінің антонимі, синонимі

Жауабы: кір, синонимі: мұнтаздай, жылан жалап кеткендей, тұнық, мөлдір

4-ұяшық. Сан есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата

Жауабы: Сан есім заттың санын білдіретін сөз табы. Неше? Ненінші? Қанша? деген сұрақтарға жауап береді.

5-ұяшық. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

Жауабы: 9

6-ұяшық. Фонетика қандай сала?

Жауабы: тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы

II КЕЗЕҢ. Мақал – сөз мәйегі ( әр топ ұяшықтарды таңдап, мақалдың жалғасын табады)

1-ұяшық. Денсаулықтың қадірін

... білерсің.

Жауабы: ауырғанда

2-ұяшық. Дені саудың ... сау.

Жауабы: жаны

3-ұяшық.

Аурудың ... жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

Жауабы: жақсысы

4-ұяшық.

Еңбектен асқан ... жоқ.

Жауабы: ем

5-ұяшық.

... – жаман ауру

Жауабы: жалқаулық

6-ұяшық.

Жарлының байлығы –

Дәнінің ...

Жауабы: саулығы

III КЕЗЕҢ. Постер қорғайық (үш топтың басшысы жеребе арқылы тақырыпты таңдайды. Таңдап алынған тақырып негізінде постер қорғайды)

1-тақырып. Денсаулыққа зиянды заттар

2-тақырып. Денсаулыққа пайдалы заттар

3-тақырып. Денсаулыққа пайдалы және зиянды тағамдар

IV КЕЗЕҢ. Кім жылдам (қатысушылардың артына әріптер жабыстырылады. Жабыстырылған әріптерден 30 с ішінде сөзді табу керек, әуен қосылып тұрады)

  1. топқа футбол
  2. топқа жануар
  3. топқа қасқыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А3, маркерлер, жеребе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әріптер, фондық әуен

 

Қорытынды 5 минут

Барлық ұпай сандары есептеледі. Әділ қасылар алқасына сөз беріледі. Қатысушылар марапатталады, сыйлықтар беріледі.

мадақтама

           

 

Просмотров: 1367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст