"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Полтавское отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области".

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылға арналған есеп

27.02.2023

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2022 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Полтавск ауылы, Центральная көшесі, 16.

2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавск ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ орта білім беру саласында 4 мемлекеттік қызмет, арнайы білім беру саласында 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2022 жыл бойынша "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Полтавск ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 23 қызмет көрсетілді;

көрсетілген мемлекеттік қызметтер электрондық нұсқасында 6 қызмет;

көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада -17 қызмет.

2021 жыл бойынша "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Полтавск ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 44 қызмет көрсетілді;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 7 қызмет;

көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада - 37 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

 

3) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің неғұрлым сұранысқа ие түрі туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа неғұрлым ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін берілетін құжаттарды қабылдау»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;

«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою».

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің ресми интернет-ресурсында орналастырылған, ақпараттық стенділерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта көпшілік талқылау мектептің сайтында жүзеге асырылады         3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2022 жылы БАҚ мен әлеуметтік желілерде 1 мақала жарияланды. Мектептің интернет – ресурсы арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық қаупін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мектепте қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

  2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасында Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қызметті алушылардың қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2023 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынышты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

Мектеп директорының м.а.:                                                     Е.И. Молдашев

 

 

 

Орынд. Г.Рахметова

Тел.2-33-05

 

Просмотров: 5472


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст