"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Полтавское отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области".

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы

18.02.2022
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына тіркеу 19 ақпанда басталады. 
Ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушыларын «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысуға шақырамыз.
Олимпиада қорытындысы бойынша ел бойынша 1000 жеңімпаз анықталады. Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы Академиясының «Birge Oqý» онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады.
«Мың бала» олимпиадасына соңғы екі оқу жылында Қазақстанның ауылдық мектептерінде білім алып жатқан 5 және 6 сынып оқушылары ғана қатыса алады. 
Олимпиадаға қатысу үшін 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында тіркелу қажет. Тіркеу 2022 жылдың 19 ақпанынан 20 наурызына дейін жалғасады.
 Оқушылар дайындалу үшін бірінші және екінші кезең тапсырмаларының үлгісі дайындалды, оларды 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүктеп алуға болады.
Жобаға қатысты туындаған сұрақтар бойынша 8 800 080 4848 нөміріне қоңырау шалып, жауап ала аласыз. Қоңырау шалу тегін.
Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст