Текст
10 ҚАЗАН - Психикалық денсаулық күні. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні 1992 жылы Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен және ДДҰ қолдауымен құрылды. Әр елде жыл сайын 10 қазанда тойланады. Психикалық денсаулық-әрқайсымыздың әл-ауқатымыздың негізі және толық өмір сүруге, стреске төтеп беруге, өнімді жұмыс жасауға және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Акцияның мақсаты-адамдарға психикалық денсаулық проблемалары, депрессия, шизофрения және басқа да психикалық бұзылулардың себептері, сондай-ақ олардың алдын алу мен емдеу әдістері мен жолдары туралы өзекті ақпарат беру.