Аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау
23.10.2026
📢 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттаудан өткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі: 2026 жылғы 1 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін. Бұл кезеңде ҰБТ-дан өтпей-ақ аттестаттаудан өту мүмкіндігі қарастырылған.
✅ Пилоттық жобаға қатысу педагогтің өз еркімен жүзеге асырылады.
Жобаға:
- 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҰБТ-ны алғашқы тапсыру кезінде шекті балл жинай алмаған және аттестаттаудан өтуге тиіс педагогтер;
- мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге құқығы бар немесе соған үміткер, бірақ ҰБТ-ға тіркеліп, тестілеуге қатыспаған не тіркеуден өтпеген педагогтер қатыса алады.
💻 Орта білім беру ұйымдарының педагогтері үшін аттестаттау «Ұстаз» платформасында кәсіби цифрлық бейін қалыптастыру арқылы жүргізіледі.
Бағалау барысында мынадай көрсеткіштер ескеріледі:
- оқыту сапасы;
- кәсіби жетістіктер;
- білім алушылардың оқу нәтижелері;
- педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату;
- біліктілікті арттыру;
- тәлімгерлік қызмет;
- тәрбие жұмысы.
📌 Маңызды! Өтініш берілетін біліктілік санатына қойылатын талаптармен алдын ала танысып, әрбір критерий бойынша растайтын құжаттар мен материалдарды дайындау қажет.
📌 Педагогтерге арналған пилоттық аттестаттау жобасы бойынша вебинарлар өткізіліп, түсіндірме материалдар «Өрлеу» ұйымының YouTube-арнасында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланып отырады. Бұл педагогтерге өзекті ақпаратпен уақтылы танысуға мүмкіндік береді.




