«Менің алғашқы ұстазым» челленджі
24.09.2026
Мектебімізде ұстаздарға деген құрмет пен алғысты дәріптеу мақсатында «Менің алғашқы ұстазым» челленджі басталды. ❤️
Челлендж аясында оқушылар өздерінің алғашқы ұстаздары туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, жүректерінде ерекше із қалдырған мұғалімдерін еске алады.
📚 «Менің алғашқы ұстазым» — білім әлеміне алғашқы қадам жасауға жол көрсеткен ұстазым.
💐 «Менің есімде қалған мұғалім» — жүректе ерекше із қалдырған аяулы ұстаз.
✨ «Өмірімді өзгерткен мұғалім» — өмірлік жолыма бағыт-бағдар берген, үлкен әсер қалдырған ұстаз.
Ұстаз — шәкірт жүрегіне білімнің шырағын жағып, болашаққа бағыт беретін ерекше тұлға.
Ұстаз еңбегіне құрмет — шәкірт жүрегіндегі алғыстан басталады! ❤️
Просмотров: 0