2026 жылғы 8 қыркүйекте 11 «А» және 11 «Ә» сынып оқушылары Отбасы күніне орай «Ұрпақтар диалогы: біз бір-бірімізден не үйрене аламыз?» тақырыбында Смағұловтар отбасына арнайы барды.

09.09.2026

Оқушыларды Смағұлов Бекен Жәкенұлы – интернационалист жауынгер, Ауған соғысының ардагері және Смағұлова Айман Кәрімжанқызы – педагогикалық еңбек ардагері жылы қарсы алды.

Кездесу барысында оқушылар аға буын өкілдерінің өмір жолы, еңбек тәжірибесі, елге қызмет етуі мен өмірлік ұстанымдары туралы қызықты әңгімелер тыңдады. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, үлкендердің ақыл-кеңестеріне құлақ асты.

Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың үлкенге деген құрметін арттырып, отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу