Бүгін мектебімізде көктемнің жаршысы, жаңару мен жаңа өмірдің бастауы болған Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтті!

18.03.2026

Оқушылар мен ұстаздар арнайы мерекелік бағдарлама дайындап, ұлттық әндер шырқалып, дәстүрлі билер биленді. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен таныстырылды. Әр сынып ұлттық тағамдарға толы дастархан жайып, басты тағам – наурыз көжеден дәм татқызды.

Бұл мереке баршаға жылулық пен бірлік сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды 💫

Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа бақыт, береке және амандық тілейміз! 🌷

Просмотров: 65


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу