Текст
27.03.2026
Көктемгі демалыс кезінде мектеп кітапханасында “Демалыста оқимыз” акциясы аясында қызықты іс-шаралар өтті. Жоғары сынып оқушылары мектеп кітапханасына қуанышпен барып, А.Алимжановтың “Махамбеттің жебесі”, И. Есенберлиннің “Көшпенділер” сияқты қызықты кітаптарды оқып, талқылады. Іс-шараның мақсаты: мектеп демалысы күндерінде оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және физикалық қабілеттерін дамыту және өзін-өзі таныту үшін жағдай жасау.
