«Ізгі іспен бір-бірімізді жылытайық»

10.10.2025

Қарттар күніне орай біздің мектебімізде «Ізгі іспен бір-бірімізді жылытайық» атты дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында оқушылар қонақтарға құрмет көрсетіп, өлең оқып, жылы сөздерімен қуаныш сыйлады. Қарттар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа ақ баталарын берді.

Іс-шара мейірім мен ізгілікке, сыйластық пен құрметке толы болды. 
Барлық қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық тілейміз!
                 https://www.instagram.com/reel/DPoLnhDgsEp/?igsh=ZW56ajMzbnU3aDkx

Просмотров: 131


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу