"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Полтавское отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области".

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған АДАМДАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ

19.03.2025

/public/files/2025/3/19/190325_183720_pravila-pooschereniya-lich-1.pdf

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді.

Мәселен, Қағидаға сәйкес біржолғы ақшалай сыйақы беру, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау формасында жүзеге асырылатын көтермелеулер көзделген.

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10% құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен көп емес.

Сыайқы айыпты адамға қатысты айыптау үкімі немесе әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген соң ғана беріледі.

 

қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны туралы

КӨРІНЕУ ЖАЛҒАН СӨЗ ЖЕТКІЗГЕНІ ҮШІН 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру

түріндегі ең жоғары жазамен қылмыстық жауаптылық көзделген

 (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы).

 

Кеңес беру денелерді көтермелеуге өтініштерді қабылдау:
тел. 8 (7162) 29-65-65

Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст