«Ұлы даланың Ұлы есімдері» («Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ғылыми-танымдық жобалар") облыстық конкурсы туралы ереже

«Ұлы даланың Ұлы есімдері» («Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ғылыми-танымдық жобалар")

облыстық конкурсы туралы

ереже

 

І. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы облыстық ғылыми – танымдық жобалар конкурсы туралы ереже оны өткізудің мақсатын, міндеттерін, мерзімін, тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қатысушылардың санатын анықтайды;

1.2. Конкурс «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіледі.

1.3. Конкурс мақсаты:

- педагогтардың ғылыми – зерттеу және оқу – танымдық іс-әрекетін ынталандыру;

- білім беру саласында зияткерлік өнімдерді әзірлеудің, ресімдеудің нәтижелі тәжірибесін қамтамасыз ету;

- инновациялық педагогикалық жұмыстардың үздік үлгілерін анықтау.

1.4. Конкурстың барлық кезеңдерінде плагиат, бұрмалау, бұрын басқа конкурстарда өз ретінде ұсынылған жұмыстарды пайдалануға немесе көрсетуге жол берілмейді.

1.5. Конкурсты ұйымдастырушы:

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті.

1.6.Конкурсқа барлық типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлері мен мұғалімдері (мектепке дейінгі балалар ұйымдары, мектептер, колледждер), білім бөлімдерінің мамандары және «Рухани жаңғыру»кабинеттері қатыса алады.

2. Басшылық

2.1. Жалпы басшылықты Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бұйрығы негізінде құрылған ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- конкурсты өткізудің ақпараттық және ұйымдастырушылық шарттарын қамтамасыз етеді;

- конкурстың қорытындысын шығарады және қорытынды хаттаманы ресімдейді.

2.3. Сараптамалық кеңес Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бұйрығы негізінде құрылады:

- конкурсты ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;

- жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

 

3. Өткізу тәртібі, шарты және мерзімі

3.1. Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

1. «Ақмола облысының тарихи ескерткіштері»;

2. « Өлкетану  - ұлттық жаңғыру»;

3. «Тәрбие жұмысына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылықтар идеяларын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын енгізу (Ашық аспан астындағы мұражай)».

4. Көкше өңірінің Ұлы есімдері.

 

3.2.  Облыстық конкурс 2019 жылғы 9 желтоқсан күні өткізіледі. І кезеңде конкурсқа қатысушылардың жобаларын материалдар бойынша (портфолио, альбом және т.б.) бағалауды көздейді. 2 кезең – барлық ғылыми-танымдық жобаларға сараптама жүргізілгеннен кейін презентацияға жеке қатысу.

Материалдарды 2019 жылдың 4 желтоқсан күніне  дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына (116 кабинет) ресімделген түрде жіберу керек.

 Өтінімдер  келесі үлгі  бойынша электрондық түрде 2019 жылдың 4 желтоқсан күніне  дейін  umk@aqmoedu.gov.kz электрондық поштасына  қабылданады:

 

Аудан  (қала)

Білім беру мекемесі

Директор

Бағыты

Тақырыбы

Жоба авторы немесе жоба  жетекшісі

Жоба авторының немесе жоба  жетекшісінің электрондық поштсы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Жобаларды іріктеу критерийлері

 

4.1. Жобаларды іріктеу келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

- конкурс басымдықтарына, мақсаттарына сәйкестігі;

- тұжырымдамалық (авторлық ұстаным, жетекші педагогикалық идеяның бөлінуі);

- бұл мәселені шешудің өңір үшін өзектілігі, маңыздылығы;

- инновациялық бағыттылық (ұсынылатын жұмыс бірегей идеяларды, жетілдірулерді, оқыту мен тәрбиелеу үдерістеріне жаңа тәсілдерді қамтуы тиіс, тиісті құжаттармен расталуы мүмкін);

- проблеманы шешу үшін тәсілдерді, әдістерді, құралдарды іріктеудің негізділігі (ұсынылған педагогикалық идеяға сәйкес тезистерде проблеманы шешу тәсілдері келтірілуі және оларды осы жағдайда қолдану қажеттілігі дәлелденуі тиіс);

- технологиялылығы (элементтерді, жүйені басқа педагогтың жұмысына немесе басқа қызмет түрлеріне енгізу мүмкіндігі).

4.2. Алты критерий бойынша балдардың жалпы сомасы 120 балды, ІІ кезеңге қатысу үшін іріктеу балы - 100-120 балды құрайды.

4.3. Ғылыми-танымдық жобаны ұсыну талаптары:

- авторлық жұмыстың (ғылыми – танымдық жобаның) атауы, авторлық жұмыстың жетекшісі. Ғылыми – танымдық жоба тезистік презентациялық нұсқада, презентацияға арналған уақыт – 7-10 минут.

- фотоматериалдар мен бейнематериалдар;

- жобаның тұжырымдамасы, жобаны іске асыру нәтижелері;

- түрлі қосымшалар, жобаға көрме материалдары;

- зияткерлік өнімнің болуы;

- Осы ережеде ұсынылған  4.1 -тармақта және зияткерлік өнімді анық, қысқа және толық таныстыру, сараптамалық кеңес мүшелері жобаларды іріктеу критерийлері бойынша бағалауды жүзеге асырады;

- конкурс материалдары қайтарылмайды және рецензияланбайды.

 

  1. . Конкурс қорытындысын шығару

5.1. Жеңімпаздарды анықтауды қатысушы туралы мәлімдеген жобалаушылар арасынан сараптамалық кеңес жүзеге асырады.

Жеңімпаздар мен қатысушылар мектепке дейінгі балалар ұйымдары және орта мектептер мен колледждеріне арналған (І, ІІ, ІІІ орын) дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады. Жеңімпаздар тізімі Ақмола облысы білім басқармасының және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  сайттарында жарияланады, қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

5.2. Алынған ақшалай сыйақыны ғылыми – танымдық жобаларды одан әрі зерттеу және әзірлеу үшін міндетті түрде пайдалану қажет.

5.3. Одан әрі жұмыс қорытындысы бойынша бір ай ішінде растайтын құжаттармен қаржылық есеп беру.